Шымкентте жол апатынан 16 жастағы скутер жүргізушісі қаза тапты

Динара Амантай

Оқиға Мұғалжар мен Алпамыс батыр көшелерінің қиылысында болған

Фото: polisia.kz

Шымкентте жол апатынан 16 жастағы скутер жүргізушісі қаза тапты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, қайғылы оқиға 9 қарашада сағат 19:40 шамасында Мұғалжар мен Алпамыс батыр көшелерінің қиылысында болған. Zhweki скутері мен Kia Optima көлігі соқтығысып, салдарынан скутердің кәмелетке толмаған жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды.

Іс бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.