23 нысан бойынша сот талқылауы өтіп жатыр
Алматы тауларында заңсыз салынған ғимараттар бұзылады. Қала әкімдігінің хабарлауынша, сот шешімі шықты.
Таудағы нысандарды тексеру барысында заң талаптары мен құрылыс нормалары сақталмаған 52 нысан анықталды, – хабарлады әкімдік.
Ішінде 20 нысанды толық немесе жартылай бұзу, учаскені бастапқы қалпына келтіру және нұсқаманы мәжбүрлеп орындауға қатысты сот шешімі заңды күшіне енді:
1. «Pain Hill» клуб үйі, Бостандық ауданы, Ерменсай ш/а., 7-көше, уч. 8/1 уч.
2. «Швейцария» тұрғын үй кешені, Бостандық ауданы, Нұрлытау ш/а., 1480/1, 1480/10, 1480/8, 1480/6, 1480/23, 1480/22 уч.
3. Тұрғын үй құрылысы, Бостандық ауданы, Нұрлытау ш/а., 932/79 уч.
4. Тұрғын үй құрылысы, Медеу ауданы, Нұрмағамбетов көшесі, 374/1
5. Клуб үйдің құрылысы, Медеу ауданы, Горный гигант ТК, 554
6. «Domino Life» клуб үйі, Медеу ауданы, Жамақаев көшесі, 308
7. «Pine Hill Residence» клуб үйі, Медеу ауданы, 2-көше, 33 уч.
8. Тұрғын үй құрылысы, Медеу ауданы, Обсерватория көшесі, 104/4
9. Тау бөктерін кесу, Медеу ауданы, Бутаковка ш/а., 31/1 уч.
10. Тірек қабырғаның құрылысы, Медеу ауданы, Шоқай көшесі, 203, 205, 207
11. «Граф» тұрғын үй кешені, Бостандық ауданы, Ремизовка ш/а., 7-көше, 71,73, 75 уч.
12. «Люксембург» тұрғын үй кешені, Наурызбай ауданы, Қарғалы ш/а., Қали Нәдіров көшесі, 71,73,75 уч.
13. КФТҮК, Наурызбай ауданы, Кенесары хан көшесі, 98 уч.
14. Тұрғын үй құрылысы, Бостандық ауданы, Ерменсай ш/а., Жәңгір хан көшесі, 46
15. «Rich» клуб үйі, Бостандық ауданы, Мирас ш/а., 24/1, 24/2 уч.
16. Бақша үйлері, Бостандық ауданы, Жанару ТК, 556
17. Клуб үйдің құрылысы, Медеу ауданы, Оспанов көшесі, 87/2, 87/4, 87/5
18. Тірек қабырға, Медеу ауданы, 2-ші Ладушкин көшесі (Құрмет), 35А
19. «Француз үйі» тұрғын үй кешені, Наурызбай ауданы, Қарағайлы ш/а., Чапаево ШҚ, 426 уч.
20. «KHAN» клуб үйі, Бостандық ауданы, Витебская көшесі 44/3, 44а.
Қалған 23 нысан бойынша сот талқылауы өтіп жатыр, 9 нысанға қатысты талап-арыз жазуға бастама көтерілді.
Айта кетейік, бұған дейін Алматыда заңсыз салынған бірқатар тұрғын үй кешені анықталды.