Halyq Uni логотип
×

Алматыда заңсыз салынған 52 нысан анықталды

23 нысан бойынша сот талқылауы өтіп жатыр

 Халық үні 08.11.2023 | 09:57
Алматыда заңсыз салынған 52 нысан анықталды
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы тауларында заңсыз салынған ғимараттар бұзылады. Қала әкімдігінің хабарлауынша, сот шешімі шықты.

Таудағы нысандарды тексеру барысында заң талаптары мен құрылыс нормалары сақталмаған 52 нысан анықталды, – хабарлады әкімдік.

Ішінде 20 нысанды толық немесе жартылай бұзу, учаскені бастапқы қалпына келтіру және нұсқаманы мәжбүрлеп орындауға қатысты сот шешімі заңды күшіне енді:

1. «Pain Hill» клуб үйі, Бостандық ауданы, Ерменсай ш/а., 7-көше, уч. 8/1 уч.

2. «Швейцария» тұрғын үй кешені, Бостандық ауданы, Нұрлытау ш/а., 1480/1, 1480/10, 1480/8, 1480/6, 1480/23, 1480/22 уч.

3. Тұрғын үй құрылысы, Бостандық ауданы, Нұрлытау ш/а., 932/79 уч.

4. Тұрғын үй құрылысы, Медеу ауданы, Нұрмағамбетов көшесі, 374/1

5. Клуб үйдің құрылысы, Медеу ауданы, Горный гигант ТК, 554

6. «Domino Life» клуб үйі, Медеу ауданы, Жамақаев көшесі, 308

7. «Pine Hill Residence» клуб үйі, Медеу ауданы, 2-көше, 33 уч.

8. Тұрғын үй құрылысы, Медеу ауданы, Обсерватория көшесі, 104/4

9. Тау бөктерін кесу, Медеу ауданы, Бутаковка ш/а., 31/1 уч.

10. Тірек қабырғаның құрылысы, Медеу ауданы, Шоқай көшесі, 203, 205, 207

11. «Граф» тұрғын үй кешені, Бостандық ауданы, Ремизовка ш/а., 7-көше, 71,73, 75 уч.

12. «Люксембург» тұрғын үй кешені, Наурызбай ауданы, Қарғалы ш/а., Қали Нәдіров көшесі, 71,73,75 уч.

13. КФТҮК, Наурызбай ауданы, Кенесары хан көшесі, 98 уч.

14. Тұрғын үй құрылысы, Бостандық ауданы, Ерменсай ш/а., Жәңгір хан көшесі, 46

15. «Rich» клуб үйі, Бостандық ауданы, Мирас ш/а., 24/1, 24/2 уч.

16. Бақша үйлері, Бостандық ауданы, Жанару ТК, 556

17. Клуб үйдің құрылысы, Медеу ауданы, Оспанов көшесі, 87/2, 87/4, 87/5

18. Тірек қабырға, Медеу ауданы, 2-ші Ладушкин көшесі (Құрмет), 35А

19. «Француз үйі» тұрғын үй кешені, Наурызбай ауданы, Қарағайлы ш/а., Чапаево ШҚ, 426 уч.

20. «KHAN» клуб үйі, Бостандық ауданы, Витебская көшесі 44/3, 44а.

Қалған 23 нысан бойынша сот талқылауы өтіп жатыр, 9 нысанға қатысты талап-арыз жазуға бастама көтерілді.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыда заңсыз салынған бірқатар тұрғын үй кешені анықталды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама