Алматы облысында полицейді өзін-өзі өлтіруге кім итермелеген?

Еркеғали Болатұлы

Фельдшерден пәтерде 31 жастағы полиция қызметкерінің өз-өзіне қол жұмсағаны туралы ақпарат түскен

фото: Halyq Uni

Алматы облысының полициясы әріптестерінің өз-өзіне қол жұмсау фактісін жан-жақты тексеруге кірісті.

Бүгін тараған хабарламаға сүйенсек, Балқаш аудандық полиция бөліміне аурухана фельдшерінен аудан орталығындағы пәтерлердің бірінде 31 жастағы полиция қызметкерінің өз-өзіне қол жұмсағаны туралы ақпарат түскен.

Бұл факті ҚР ҚК-нің 105-бабы 1-бөлігі («Өзін-өзі өлтіруге итермелеу») бойынша тіркелді, марқұмның отбасында жеке мәселелері болғанын ескертеміз. Ол да қылмыстық істі тергеу аясында тексеріледі, - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі

Қазір істің барлық мән-жайын толық, жан-жақты және объективті тергеуді қамтамасыз ету үшін сараптама тағайындалып, тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.