Солтүстік өңірлерде ерекше құбылыс байқалды

Дәурен Ерболат

Аспан қызыл-жасыл түске боялды

Фото: Telegram/myastanacity

Еліміздің солтүстік өңірлеріндегі тұрғындар «Поляр шұғыласына» куә болды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Әлеуметтік желіде қазақстандықтар ерекше табиғат құбылысының көрінісін жариялап жатыр. Олар «поляр шұғыласын» түнде фотоға түсіріп үлгерген.

Ерекше құбылыс Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында байқалды.

«Поляр шұғыласы» күн сәулесі белсенділігінің жоғары болуы мен магниттік дауыл болғанда тіркеледі.