×

Солтүстік Қазақстанда балалар арасында желшешек ауруы өршіп тұр

Эпидемиологтар дабыл қағып отыр

 Самат Жақып 18.05.2022 | 15:30
фото: ашық дереккөзден

Солтүстік Қазақстан облысында желшешек жұқтырған науқастар саны уақыт өткен сайын артып келеді. Эпидемиологтар осылай деп дабыл қағып отыр, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Олардың мәліметінше, биылғы жылдың тек төрт айында өңірде қауіпті ауруға шалдыққан 712 адам тіркелген. Ал оның  635-і – 14 жасқа дейінгі балалар. Ауырғандар саны сәйкес мерзіммен салыстырғанда 2,5 есеге дейін артқаны байқалады. Сондықтан мамандар осы індетке шалдыққан адамдар үйде оқшаулануы керек екенін ескертеді. 

«Желшешек – бұл вирус тудыратын, ауа тамшы жолымен жұғатын, қызба, орташа интоксикация, кең таралған везикулярлық бөртпемен сипатталатын жедел жұқпалы ауру. Тәуекел тобына білім беру мекемелеріне баратын мектеп жасына дейінгі балалар, негізгі және қосымша білім беру мұғалімдері, жаттықтырушылар, бұрын желшешекпен ауырмаған жүкті әйелдер, педиатр дәрігерлер кіреді. Инкубациялық кезең 10-нан 21 күнге дейін. Желшешекпен ауырған адамдарда осы инфекцияға өмірлік иммунитет қалыптасады. Қазір аталған індетке байланысты карантинге жабылған балабақшалар мен мектептер жоқ» , - дейді СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бас маманы Айнаш Сағандықова.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама