Полицейлер босатып жіберген күдікті қайта қамауға алынды (ВИДЕО)

Динара Амантай

Ол кеңсе пышағымен бұрынғы сүйіктісінің алқымын тілгілеп тастаған

Фото: видеодан скриншот

Талдықорғанда полицейлер босатып жіберген күдікті қайта қамауға алынды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Еске сала кетсек, 27 қазанда сағат 16:53 шамасында ер адам бұрынғы сүйіктісіне шабуыл жасап, кеңсе пышағымен оның алқымы мен мойнын жарақаттаған болатын. Полицейлер бұл істі «Бұзақылық» бабы бойынша тіркеп, күдіктіні үйқамаққа жіберген.

Талдықорған қаласының прокуратурасымен күдіктіге қатысты соттың үйқамаққа алу бұлтарпау шарасын қолдану туралы шешіміне наразылық енгізіліп, іс қайтадан ҚР ҚК 24-бабының 3-бөлігі, 99-бабының 2-бөлігі («Адам өлтіруге оқталу») бойынша сараланып, күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Қазір жәбірленушінің 35 жастағы танысы полицияға жеткізілді. Тергеуді облыстық полиция департаменті ерекше бақылауға алды.