×

Түркістан облысында шетелдік азаматтың жүк көлігінен есірткі табылды

Ол аудандық полиция бөлміне жеткізілді

 Динара Амантай 01.11.2023 | 15:58
Фото: polisia.kz

Түркістан облысында шетелдік азаматтың жүк көлігінен есірткі табылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Келес аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-профилактикалық іс-шараларды өткізу барысында Б. Қонысбаев бекетінде есірткі заттарын заңсыз тасымалдады деген күдікпен шетел азаматын ұстады.

Өзбекстан Республикасына бет алған Volvo жүк көлігі жүргізушісінің құжаттарын тексеру кезінде көлікте тұрған киімінің қалтасынан есірткіге ұқсас затты тапты. Тәртіп сақшылары айғақты затты сараптамаға жіберіп, нәтижесінде оның гашиш екені анықталды, – делінген полиция хабарламасында.

Күдікті Өзбекстан азаматы қосымша тергеу жұмыстарын жүргізу үшін аудандық полицияға жеткізілді. Қазір ҚР Қылмыстық кодексі 286-бабының 1-бөлігіне сәйкес, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама