Жетісу облысында 2 жасөспірім жоғалып кетті

Динара Амантай

Олар екі күн бұрын кешке үйден шығып, қайта оралмаған

Фото: Жетісу облыстық ТЖД баспасөз қызметі

Жетісу облысында 2 жасөспірім жоғалып кетті, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 24 қазанда сағат 08:00-де ТЖД құтқарушыларына Талдықорған қаласының Алмалы саяжай қоғамының ауданында 2 жасөспірімнің жоғалып кеткені туралы хабарлама түскен. Іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары дереу оқиға орнына шықты.

Кейінірек белгілі болғандай, 2009-2010 жылы туған, Ащыбұлақ саяжай қоғамында тұратын жасөспірімдер 22 қазанда кешке үйден шығып, қайтып оралмаған.

24 қазанда сағат 10:23-те ТЖД құтқарушылары мен полиция қызметкерлері Ащыбұлақ су қоймасы маңында, шаруа қожалығының аумағынан табылды. Балалардың телефон қуаты таусылып, фермердің үйінде түнеуге шешім қабылдаған.

Қазір құтқарылғандардың жағдайы тұрақты, медициналық көмекке мұқтаж емес.