×

Ерлі-зайыптылардың зейнетақы жинақтарын біріктіруге мүмкіндік беріледі

Егер ерлі-зайыптылардың бірінде зейнетақы жинағы жетпей, ал екіншісінде артық болса, олар зейнетақы аннуитетін қосып сатып алады

 Ербол Тұрымбет 15.12.2021 | 11:18
Мәдина Әбілқасымова, фото: inbusiness.kz

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мәдина Әбілқасымова Мәжілістің бүгінгі жалпы отырысында ҚР сақтандыру нарығына қатысты заң жобасын талқылау кезінде ерлі-зайыптылардың бірлескен зейнетақы аннуитеті туралы айтып берді.

Мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне сақтандыру нарығын және бағалы қағаздар нарығын реттеу мен дамыту мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда қаралып жатыр.

Заң жобасында үш кодекске және 27 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделеді.

Заң жобасында жинақтаушы сақтандыруды дамыту үшін жаңа әлеуметтік маңызды сақтандыру өнімдерін енгізу көзделеді. Бұл - мемлекеттік білім беру жинақтаушы жүйесі ауқымында жинақтаушы сақтандыру және бірлескен ерлі-зайыпты зейнетақы аннуитеті.

Бірлескен аннуитет ерлі-зайыптылардың немесе жақын туыстарының зейнетақы жинақтарын біріктіруге мүмкіндік береді. Егер ерлі-зайыптылардың бірінде зейнетақы жинағы жетпей, ал екіншісінде артық болса, олар зейнетақы жинақтарын бірге қосып, зейнетақы аннуитетін сатып алады. Сонымен бірге, төлемдерді өмір бойы алуға мүмкіндік алады, - деді агенттік төрайымы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама