×

Алматы облысында қарақшылар ауыл тұрғынының үйінен 40 млн теңге ұрлап кеткен

Істі тергеу барысы облыстық полиция бастығының жеке бақылауына алынды

 Динара Амантай 19.10.2023 | 09:56
Фото: polisia.kz

Алматы облысында ауыл тұрғынының үйінен 40 млн теңге ұрлаған қарақшылар ұсталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 8 қазанда Жамбыл аудандық ПБ-ға 3 адамнан тұратын белгісіз қарулы топтың Қасымбек ауылындағы үйлердің бірінен 40 миллион теңгедей қаражат, алтын әшекей және өзге де бағалы заттары бар сейфті ұрлап, қарақшылық шабуыл жасағаны туралы ақпарат келіп түскен. Алматы облысы ПД бастығының нұсқауы бойынша арнайы тергеу жедел тобы құрылып, олар қысқа мерзім ішінде 3 күдіктіні ұстады.

Дерек ҚР ҚК-нің 192-бабы 3-бөлігінің 4-тармағы («Қарақшылық») бойынша тіркелді. Қазір қылмысты тергеуде оның толықтығын, жан-жақтылығын және объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында барлық қажетті тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр, – деді Алматы облыстық ПД бастығы Бауыржан Әленов.

Істі тергеу барысы облыстық полиция бастығының жеке бақылауына алынды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама