×

Қазақстандықтардың кешірілген қарызына салық салынбауы мүмкін

Ішімдік пен темекі қымбаттайды

 Дәурен Ерболат 18.10.2023 | 11:40
photo © Halyq Uni / Самат Құсайынов

Елімізде проблемалық қарыз алушылардың кешірілген берешегіне салық салынбауы мүмкін. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында депутат Мәди Тәкиев айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Жиында Салық кодексіне өзгертулер мен толықтырулар енгізуді көздейтін заң жобасы таныстырылды.

«Заң жобасы аясында халықтың шамадан тыс кредит алуын азайту көзделіп отыр. Ол үшін жеке тұлғалардың берешегі микроқаржылық ұйымдармен, коллекторлық агенттіктермен кешірілген кезде қалыптасатын кірістері салық салудан босатылады.

Біріншіден, бүгінде барлығымызды толғандырып жүрген өзекті мәселелердің бірі – халықтың шамадан тыс кредит алуын азайту үшін жеке тұлғалардың берешегі микроқаржылық ұйымдармен, коллекторлық агенттіктермен кешірілген кезде қалыптасатын кірістерді салық салудан босату көзделеді.

Сондай-ақ жеке тұлғалардың проблемалық микрокредиттері есептен шығарылуына байланысты микроқаржы ұйымдарының кірістерін салық салудан уақытша, яғни 3 жылға босату қарастырылып отыр», - деді Мәди Тәкиев.

Екіншіден, негізгі заң жобасы аясында балаларға Ұлттық қор табысынан аударылатын нысаналы жинақтарды салықтан босату ұсынылған.

Сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар мемлекеттік бажды төлеуге мүмкіндігі болмаған жағдайда оны бір жылға дейін кейінге қалдыра алады. Ол үшін төлеуге мүмкіндігі болмау себептерін көрсете отырып сотқа талап арыз жазуы қажет.

Сонымен қатар Еуразиялық экономикалық одақ аясында алкоголь және темекі өнімдеріне акциздердің мөлшерлемелерін кезең-кезеңімен арттыру жұмысы аясында сыра қайнату өнімдеріне акциздер мөлшерлемеcін литріне 79 теңгеден 90 теңгеге дейін көтеру жоспарланған, - деді депутат.

Дауыс беру нәтижесінде заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама