×

«Билеп жүргенде жүрегі тоқтады»: актер Сағат Жылгелдиевтің соңғы видеосы жарияланды

Рахман Омар әріптесінің қайтар алдында 10 минут бұрын түсірілген видеосын жариялады 

коллаж: Halyq Uni

Танымал театр және кино актері Сағат Жылгелдиев 68 жасында дүниеден өтті. Ол өмірінің соңғы сағаттарын көңілді өткізді. Актер той үстінде би билеп, әріптестерімен көңіл көтерген. 

Сағат Жылгелдиевтің өмірінің соңғы сәтін Рахман Омар Instagram-дағы парақшасында жариялады. 

«Жалған дүние-ай. Кім ойлаған? Той үстінде өзіне тән аңғалдығымен, кең пейіл көңілімен, дархан мінезімен, ортамызда балаша билеп жүрген асыл ағамыздан бір сәтте айырылып қаламыз деп кім ойлаған?!. Жүрегім езіліп отыр. Дел-сал күйдемін. Тірі жанға жаманшылығы жоқ, басқаның қуанышында өз тойында жүргендей жүруші еді. Орның ойсырайды ғой, көкешім-ау. Көз алдымызда кетіп қалдың-ау. Жаның жәннатта шалқысын, аға-ау. Біз сізді ешқашан ұмытпаймыз. Билеп тұрып жүрегі тоқтап қалды. Қайтар алдында 10 минут бұрын түсірілген видео», - деп жазды Рахман Омар.

Тағы оқи отырыңыз:  «Келінжан» сериалының актері қайтыс болды: Гүлнұр Мамасарипова телесериалға қатысты қандай жоспары барын айтты

Серіктес жаңалықтары

Сараптама