×

Отбасындағы зорлық-зомбылық: Қазақстанда әйелінің үстінен шағымданатын ерлер де бар

ІІМ мәліметінше, кәмелетке толған ересек балалар ата-анасының үстінен шағымданатын жағдайлар да кездеседі

 Дәурен Ерболат 17.10.2023 | 14:06
көрнекі фото: Halyq Uni

Қазақстанда күйеуіне күн көрсетпейтін тиран әйелдер де бар. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Үкіметтің баспасөз орталығында журналистер Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепехаға «Қазақстанда әйеліне шағымданатын ер адамдар бар ма?» деген сұрақ қойды.

Вице-министрі қоғамда мұндай деректер барын жеткізді.

Әрине, біз бұған нонсенс сияқты қараймыз. Алайда әйелдерінің үстінен шағымданатын ерлер де бар. Олардың саны көп емес, бірақ әртүрлі жағдай болады. Мысалы, балаларына шағымданатын ата-аналар бар, керісінше кәмелетке толған ересек балалар ата-анасының үстінен шағымданып жатады, - деді министрдің орынбасары.

Игорь Лепеханың дерегінше, отбасындағы зорлық-зомбылық бойынша әйелінің үстінен шағым түсіру көрсеткіші шамамен 10%.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама