Ақтөбе облысында жол апатынан 2 адам қаза тапты

Динара Амантай

Сотқа дейінгі тергеу басталды

Фото: polisia.kz

Ақтөбе облысында жол апатынан 2 адам қаза тапты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 16 қазанда Toyota және Hyundai автокөліктері соқтығысып, салдарынан HYUNDAI автокөлігі инерциямен MAN жүк көлігін соққан. Салдарынан Маңғыстау облысының тұрғындары – Hyundai автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапты, ал жүк көлігінің аяғы сынған жүргізушісі ауруханаға жатқызылды.

ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.