×

Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2,4 трлн теңгеден аса зейнетақы төленді

Елімізде 2 млн-нан аса зейнеткер бар

 Динара Амантай 16.10.2023 | 09:46
Фото: gov.kz

Жыл басынан бері зейнеткерлерге республикалық бюджеттен 2 трлн 477,6 млрд теңге зейнетақы төленген, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, төленген қаржының ішінде базалық зейнетақы төлеуге 760,1 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге 1 трлн 717,5 млрд теңге қарастырылған.

Биылғы 1 қазандағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 млн 312 мың адам.

Жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 120 мың 988 теңге болды. Оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 83 мың 86 теңге, базалық зейнетақы – 37 мың 902 теңге.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама