×

Екібастұзда фитнес жаттықтырушы есірткі өткізумен айналысқан

Ол спортпен және есірткі бизнесімен қатар айналысқан

 Қымбат Елтайқызы 16.05.2022 | 16:00
коллаж: Halyq Uni

Павлодар облысының жедел қызметкерлері Екібастұз қаласы аумағында синтетикалық есірткі заттарын өткізумен айналысқан Павлодар қаласы тұрғындарынан құрылған қылмыстық топтың заңға қарсы әрекетінің жолын кесті.

«Қолда бар ақпарат бойынша, жастарды спортқа деген құштарлық пен интернет-дүкендегі курьер-кепілгерлердің жұмысы біріктірген. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Павлодар қаласының спорт клубтарының бірінің жаттықтырушысы ұсталды. Ол өзінің автокөлігімен тыйым салынған заттарды өткізумен айналысқан. Тексеру нәтижесінде, 29 жастағы жас жігіт әрі оның 19 жастағы серіктесінен 47 грамм гашиш, 52 грамнан астам синтетикалық есірткі табылды. Күдіктілердің жеделхат мессенджерін пайдаланып, синтетикалық есірткі таратқаны анықталды», – деді Павлодар облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Мәлік Оңғарбаев.

Аталған факт бойынша қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлімі (есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Сот екі айыпталушыға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шараларын таңдады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама