×

Алматыда екі адам 100 долларлық купюраларды 15 мың теңгеге сатып келген

Күдіктілер қамауға алынды

 Динара Амантай 10.10.2023 | 10:45
Фото: видеодан скриншот

Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті жалған АҚШ долларын сақтау мен өткізу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Агенттіктің мәліметінше, екі азаматтың 100 долларлық жалған купюраны 15 мың теңгеден өткізетіндігі анықталған. Кезекті жалған ақшаны өткізу барысында күдіктілер ұсталып, жүргізілген тінту барысында 6,5 мың АҚШ доллары тәркіленді. Күдіктілерге қатысты күзетпен ұстау бұлтартпау шарасы қолданылды.

ҚР ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге деректері жария етуге жатпайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама