×

Алматыдағы жеке меншік мектепте 1-сынып оқушысы зорланған (ВИДЕО)

Қазір онымен психолог және психотерапевт жұмыс істеп жатыр

 Еркеғали Болатұлы 01.10.2023 | 17:57
фото: Halyq Uni

Алматыда 1-сыныпта оқитын балаға сексуалды сипатта зорлық-зомбылық әрекеттерін көрсету бабымен тергеу жүріп жатыр.

Жекеменшік мектепте оқитын баласының зорланғанын анасы әлеуметтік желіде жазды.

12 қыркүйекте ұлым мектептен шалбары жыртылып келді. Келесі күні оны тігейін деп отырғанымда, көзім ақ дақтарды шалып қалды. Сол кезде баламның зорлық-зомбылыққа ұшырағанын түсіндім. Жанымда үлкен қызым болған. Екеуміз полиция шақырдық, – дейді әйел.

Айтуынша, ұлы не болғанын айтпаған, бірақ оның психологиялық жағдайы 15 қыркүйектен бастап қатты нашарлаған. Ұйқысы бұзылып, қорқынышты түстер көріп, агрессияға жиі берілетін болған. Қазір онымен психолог және психотерапевт жұмыс істеп жатыр.

Алматы қалалық полиция департаменті бұл дерек бойынша тиісті сараптамалар тағайындалғанын хабарлады.

Қылмыстық іс Бостандық ауданының полиция басқармасында ҚР ҚК-нің 121-бабы 3-бөлігі бойынша тіркелді. Істің объективті мән-жайларын анықтауға бағытталған тергеу шараларының кешені жүргізіліп жатыр. Тергеу барысы бақылауда, – деді Алматы қалалық ПД бастығының бірінші орынбасары, полковник Нұрлан Алмасбеков.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама