Қарағанды облысында қаржы пирамидасын ұйымдастырушы қамауға алынды

Динара Амантай

Ол мессенджерлерде чат құрып, 100-ден аса адамды алдаған

Фото: Halyq Uni

Қарағанды облысында қаржы пирамидасын ұйымдастырушы қамауға алынды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қаржылық мониторинг агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті қаржы пирамидасын құру және басқару күдігі бойынша істі тергеп жатыр. Тергеу барысында анықталғандай, Қарағанды облысының тұрғыны бұрын қаржы пирамидасы арқылы халықтан ақша жинағаны үшін сотталған. Ол жеке тұлғалардан 50%-дан 300%-ға дейінгі мөлшердегі төлемдерді уәде ете отырып, 1 күннен 3 күнге дейінгі мерзімге 50 мыңнан 300 мың теңгеге дейін көлемінде қаражат тарту арқылы WhatsApp және Telegram мессенджерлерінде чат құрған. Ақша банктік қосымша арқылы аударылған.

Күдікті ұсталып, оған қатысты 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Алдын ала тергеулер «Өзіміз гой Арай» чатында 100-ден астам қатысушыны анықтады. Қазір «Люкс чат», «Чек чат Люкс 100%», «Вклад чат 50%» деп аталатын чаттардың салымшыларын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, – деді ҚМА ресми өкілі Әлібек Әбділов.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, өзге мәліметтер жария етуге жатпайды.