Жарыста жапон спортшысы жеңіске жетті
Қытайда өтіп жатқан Азия ойындарында триатлоннан Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі Аян Бейсенбаев қола жүлдегер атанды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі.
Қазақстандық спортшының жүзуден 1500 метрді бағындырып, велоэтаппен 40 шақырым жүріп өтіп, 10 шақырым жүгіріп шыққандағы уақыты – 1:52:25.
Жарыста алтын медальді жапондық Кенжи Ненер (1:50:54) алды. Сондай-ақ күміс медаль да Жапонияның тағы бір өкілі Макого Одакураға (1:51:49) бұйырды.
Айта кетейік, бүгінде Қазақстан құрамасы медальдар кестесінде 11-орында тұр.