×

Аса ірі көлемде алаяқтық жасаған ер адам Украинадан елге қайтарылды

Қазір ол Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды

 Динара Амантай 27.09.2023 | 11:26
Фото: видеодан скриншот

Украинаның Әділет министрлігі Қазақстан сотының үкімін орындаудан жалтарған азаматты Қазақстан Республикасына беру туралы шешім қабылдады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Сот аталған азаматты 2017 жылы аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танып, шартты мерзімге соттады. 2019 жылы ер адам соттың өзіне жүктеген шектеулерін бұзып, жазасын өтеуден жалтару мақсатында жасырынып, қашып кеткен. Оған мемлекетаралық іздеу жарияланды, – делінген прокуратура хабарламасында.

Биыл тамызда іздеуде жүрген адамды Украина аумағында осы елдің құқық қорғау органдары ұстады. Бүгін Қазақстан Республикасының Украинадағы, Молдовадағы және Түркиядағы Елшіліктерінің қолдауымен Қазақстан Бас прокуратурасы мен Интерпол қызметкерлері оны елге экстрадициялады.

Қазір ол Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама