×

Қостанай облысында психикалық ауруы бар жүргізушілер анықталды

Сот тәртібімен көлікті жүргізуге тыйым салынды

 Динара Амантай 26.09.2023 | 09:47
Фото: Қостанай обл. прокуратурасының баспасөз қызметі

Қостанай облысында психикалық ауруы бар жүргізушілер анықталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қарабалық ауданы прокуратурасының мәліметінше, талдау кезінде медициналық қарсы көрсетілімдер бойынша көлік жүргізуге тыйым салынған адамдардың көлік жүргізгені анықталған.

Азамат М.А.М-ның жүргізуші куәлігін алғаннан кейін көлікті жүргізуге тыйым салынатын созылмалы психикалық аурумен ауырғаны анықталды. Дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысына сәйкес, оның денсаулығы автокөлік жүргізуге жарамсыз, – делінген прокуратура хабарламасында.

Одан басқа тағы бір азаматтың психикалық ауруға шалдыққаны анықталды.

Прокуратураның қадағалау актісі бойынша аудандық полиция бөлімі сотқа жоғарыда аталған адамдарға көлік жүргізуге тыйым салу туралы талап арыз берді.

Сот тәртібімен көлікті жүргізуге тыйым салынды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама