×

Түркістан облысында 6,6 млн берешегі бар жүргізуші анықталды

Оның әкімшілік айыппұлдарының 80 пайызы жылдамдық режимін бұзумен байланысты

 Динара Амантай 22.09.2023 | 16:30
Фото: polisia.kz

Түркістан облысының полицейлері «Қорғау» бағдарламасының көмегімен төленбеген 6,6 миллион теңге берешегі бар жүргізушіні анықтады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Түркістан облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Бағланбек Айтпаевтың айтуынша, патрульдік полиция батальон қызметкерлерінің планшеттеріне «Қорғау – қауіпті жүргізуші» мобильдік бағдарламасы арқылы төленбеген айыппұлдары бар Volkswagen Passat автокөлігі туралы ақпарат берілген.

Тәртіп сақшылары ақпарат бойынша бірден іске кірісіп, аталмыш көліктің жүрген жерін анықтап, Шымкент – Самара тас жолында тоқтатты. Тексеру кезінде бұл автокөліктің сот орындаушысының қаулысына сәйкес, жалпы сомасы 6,6 миллион теңге төленбеген айыппұлдар бойынша берешегі бары анықталды. Яғни жүргізушінің әкімшілік айыппұлдарының 80 пайызы жылдамдық режимін бұзумен байланысты. Тәртіп сақшылары Volkswagen Passat автокөлігін айыптұраққа қойып, жүргізушіге берешекті уақтылы төлеу қажеттігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Түркістан облысының полицейлері көлік құралдарының жүргізушілерін жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және салынған әкімшілік айыппұлдарды уақтылы төлеуге шақырады, – деді Бағланбек Айтпаев.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама