9 млрд теңге: БҚО-да «Жайықмұнай» ЖШС салық құнын төмендеткені үшін айыппұл арқалады

Динара Амантай

Облыс прокуратурасының үйлестіруімен мемлекеттік бюджет 11 млрд теңгеге толықты

Фото: Halyq Uni

БҚО-да «Жайықмұнай» ЖШС-ға салық құнын төмендеткені үшін айыппұл салынды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Батыс Қазақстан облысы прокуратурасының мәліметінше, ведомство тарапынан қабылданған шаралардың нәтижесінде өңірдегі ірі компания «Жайықмұнай» ЖШС мемлекеттік бюджетке 9 млрд теңге көлемінде корпоративтік табыс салығы мен қосылған құн салығын төледі.

Бұдан басқа, 2016-2021 жылдар кезеңінде ҚҚС және КТС сомаларын төмендеткені үшін компанияға «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» Кодекстің 278-бабы 1-бөлігі бойынша 2 млрд теңге айыппұл салынып, ол толық көлемде өтелді, – делінген прокуратура хабарламасында.

Облыс прокуратурасының үйлестіруімен мемлекеттік бюджет 11 млрд теңгеге толықты.