×

Түркістан облысында сиырдың кесірінен 4 көлік соқтығысқан

Қазір мал иесін анықтау бойынша іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр

 Динара Амантай 20.09.2023 | 16:00
Фото: aikyn.kz

Түркістан облысында сиырдың жолға шығып кетуі салдарынан жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 19 қыркүйекте сағат 21:30 шамасында Сауран ауданындағы Шымкент – Самара тас жолында жол-көлік оқиғасы болған. Тексеру кезінде 7 орындық Toyota Estima автокөлігінің жолға шығып кеткен сиырмен соқтығысқаны анықталды. Осыдан кейін көмек көрсету үшін оның жанына Audi автокөлігі тоқтаған. Осы сәтте олардың соңынан келе жатқан Нуundaі Santa fe және Xonda Elysion көліктері соқтығысады. Адам шығыны жоқ. Тек автокөліктерге материалдық шығын келген.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан Toyota Estima жүргізушісі мен жолаушыларға жергілікті жерде медициналық көмек көрсетіліп, үйлеріне жіберілді. Қазір жауапкершілікке тарту үшін мал иесін анықтау бойынша іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның толық мән-жайы анықталу үстінде.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама