×

Ақтөбе облысының мұнай кен орындарында қытайлықтар заңсыз жұмыс істеген

Оларға қатысты аудандық соттың қаулысы шықты

 Динара Амантай 15.09.2023 | 13:03
Фото: polisia.kz

Ақтөбе облысының мұнай кен орындарында Қытай азаматтары заңсыз жұмыс істеген, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ақтөбе облысы Темір ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері тексеру жұмыстарын жүргізу барысында аудан аумағында, мұнай компанияларында тиісті рұқсат құжаттарынсыз жұмыс істеген 4 шетел азаматын анықтады. Қытай азаматтары мұнай кен орындарында құрылыс жұмыстарын іске асырған.

Бұл факті бойынша аталған шетелдіктерге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 5-бөлігімен («Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қон саласындағы заңнамасын бұзуы») әкімшілік хаттамалар толтырылып, аудандық соттың қаулысымен оларды Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығарып жіберу түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды, – делінген полиция хабарламасында.

Сондай-ақ жергілікті атқарушы органның рұқсатынсыз шетелдік жұмыс күшін тартқаны үшін жұмыс берушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 519-бабы («Шетелдiк жұмыс күшiн және еңбекшi көшiп келушілерді Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып тарту») бойынша әкімшілік хаттама толтырылатын болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама