×

Елордада 8 жыл бойы алимент төлемеген азамат жауапқа тартылды

Оның 19 млн теңге берешегі жиналған

 Динара Амантай 13.09.2023 | 16:00
Фото: Астана қ. прокуратурасының баспасөз қызметі

Елордада 8 жыл бойы алимент төлемеген азамат жауапқа тартылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Астана қаласы Нұра ауданы прокуратурасының мәліметінше, алимент бойынша берешегін өндіріп алу туралы талдау жүргізу барысында 2015 жылдан бері 19 млн теңгеден астам берешегі бар алимент төлемеген азамат анықталған.

Аудан прокуратурасы ҚР «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» Кодексі 669-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғады. Астана қаласы әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен борышкер 5 тәулікке қамауға алынды, – делінген прокуратура хабарламасында.

Елорда прокуратурасы алимент төлеуден жалтарғаны үшін 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салумен әкімшілік жауапкершілік немесе 5 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алу, сондай-ақ 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру түрінде қылмыстық жауапкершілік көзделгенін еске салады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама