Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды
Ақмола облысында 2 жыл бойы жүк көліктерін заңсыз тіркеген адамдар тобы, оның ішінде мамандандырылған ХҚКО қызметкерлері әшкереленді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Тергеу барысында ҚМА аумақтық департаменті Көкшетау қаласының ХҚКО мамандандырылған бөліміне Еуропадан әкелінген 100-ден астам автокөлікті алғашқы тіркеу үшін жалған төлем құжаттарын беру фактілерін анықтады. Қылмыстық іс-әрекет салдарынан мемлекетке 700 млн теңгеден астам шығын келтірілді, – деді ҚМА ресми өкілі Әлібек Әбділов.
Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды және күдікті адамдарға қатысты сот қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді.
ҚР ҚПК-нің 201-бабы тәртібіндегі өзге ақпарат жария етуге жатпайды.