Лениннің ескерткіші құлатылған ауданның әкімі қызметінен кетіп жатыр
Мен тез және кейде ерекше шешімдер табуға тырыстым, - дейді ол
Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданының әкімі Ернар Мұстафин өз еркімен қызметінен кету туралы арыз жазды.
Айта кетсек, ол аудан басшысы болып 2022 жылдың қыркүйегінде тағайындалған еді. Ал бүгін Facebook-тегі парақшасына қоштасу жазбасын жазып отыр.
Алтай ауданының әкімі лауазымындағы қызметімді аяқтап жатырмын. Мен тез және кейде ерекше шешімдер табуға тырыстым және әрқашан сіздердің қолдауларыңызды сезіндім. Ауданда жиналып қалған мәселелердің біразы шешілді, басқаларына біраз уақыт керек, - деп жазды ол.
Сонымен қатар әкім ардагерлер кеңесіне, ақсақалдарға, депутаттарға, БАҚ өкілдеріне, кәсіпкерлерге, әріптестеріне және барша тұрғындарға қолдауы, түсіністігі, ықыласы үшін алғысын білдірді.
Бұған дейін осы Алтай ауданында Ленин ескерткішінің құлауына қатысты қылмыстық іс қозғалған еді. Бұл ретте 15 тамыздан бастап Алтай ауданының орталық алаңында қайта жаңғырту жүргізіліп жатқанын айта кеткен жөн. Жобада Ленин ескерткішін жаңарту да қарастырылған. Ескерткіш тұғыры бөлшектелген. Мердігердің айтуынша, тұғырды мүсінге зақым келтірмей алып тастау ұсынылған. Алайда әлеуметтік желіге жұмыс барысында экскаватор жүргізушісінің ескерткішті соғып құлата салған видеосы тарап кетті.