Сәбит баланың өмірін құтқарса, Сағи Сәбитке тіреу болды
Бүгінгі күннің батыры деп танылған Сәбит Шонтақбаевқа терезеден құлайын деп тұрған бүлдіршінді аман алып қалуға көмектескен Сағи Жылқышиевке де Нұр-Сұлтан қаласынан екі бөлмелі пәтер берілетін болды, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Бұл жаңалықты белгілі блогер Дәулет Мұқаев Instagram-дағы парақшасына жазды.
Сүйінші ағайын! GBG құрылыс компаниясы Сәбиттің досы Сағиға 2 бөлмелі пәтер сыйлайтын болды. Бағанадан бері уайымым Сағи болып еді. Енді әділдік орнады. Ал біз қор тарапынан екі үйге де жөндеу жұмыстарын жасап береміз. Кең пейілді жандар аман болсын, - деп жазды блогер.
Айта кетейік, Сәбит Шонтақбаевтың қасында Сағи есімді досы болды. Сағи бір қолымен терезеден, бір қолымен Сағидың аяғынан ұстап тұрған еді. Сәбит баланың өмірін құтқарса, Сағи Сәбитке тіреу болды. 3 жастағы бүлдіршінді құтқарып қалған Сәбит Шонтақбаевқа G-Park құрылыс компаниясы мен Ғабит Сатмағамбетов қайырымдылық қоры «Рио да Жанейро» тұрғын үй кешенінен үш бөлмелі пәтер сыйлады.