Облыста үш мектеп апатты жағдайда тұр
Солтүстік Қазақстан облысында үш мектеп апатты жағдайда тұр. Былтырдан бері 3,2 млрд теңгеге апатты мектептердің орнына 2 жаңа мектеп салу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы облыстың білім басқармасы Halyq Uni ресми сауалына берген жауабында мәлімдеді.
Сондай-ақ облыстағы мектептерде 3 673 балаға орын жетпейді. Оның басым бөлігі Петропавл қаласында – 3 268 орын.
Әкімдіктің хабарлауынша, 2023-2025 жылдарға арналған «Жайлы мектеп» пилоттық жобасы аясында Петропавл қаласында 2 700 оқушыға арналған 4 мектептің құрылысы жоспарланған.
СҚО-дағы мектептерде 330 маманның орны бос тұр. Ауылдарда орналасқан мектептерде 205 маманға сұраныс бар.
Облыс бойынша бос вакансиялар:
Білім басқармасы биыл облыстағы университетті педагогикалық мамандық бойынша – 808, М. Жұмабаев атындағы жоғары колледжді 239 түлек бітіргенін хабарлады. Солардың есебінен бос вакансияны жабуды жоспарлап отыр.
Айта кетейік, Алматы қаласындағы мектептерде 619 маманның орны бос тұр.