×

Шымкент прокуратурасында ер адам өзін-өзі өртемек болған

15-ке жуық адам қылмыстық іс бойынша қабылданған шешіммен келіспейтінін айтқан

 Динара Амантай 29.08.2023 | 15:51
Фото: видеодан скриншот

Шымкент қаласының прокуратурасында ер адам өзін-өзі өртемек болған, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Шымкент қаласы прокуратурасының мәліметінше, кеше сағат 11:47-де ведомствоның фронт кеңсесіне 15-ке жуық азамат Еңбекші ауданының полиция басқармасында тергелген қылмыстық іс бойынша қабылданған шешіммен келіспейтінін айтып, осы шағым бойынша қала прокурорының жеке қабылдауын талап еткен.

Шымкент қаласы прокуратурасының кезекші прокуроры түсіндіру жұмыстарын жүргізу барысында келгендердің ішінен бір ер-азамат үстіне бензин құйып, өз-өзін өртеуге оқталған. Прокуратура қызметкерлерінің тез арада әрекет етуінің нәтижесінде өз-өзін өртеу фактісі болдырылмады, – делінген прокуратура хабарламасында.

Сонымен қатар қала прокуратурасына келген азаматтардың арасындағы бір әйел өзін нашар сезініп, оған жедел жәрдем бригадасы медициналық көмек көрсетті.

Аталған дерек Әл-Фараби аудандық ПБ-да тіркеліп, қазір тексеру амалдары жүргізіліп жатыр, – делінген хабарламада.

Тексеру нәтижесімен аталған азаматтардың әрекеттеріне заңды баға берілетін болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама