×

Қарағандыда балалардың жаппай улануы: тергеу нәтижесі қашан жарияланатыны белгілі болды

Бүгінде комиссия деректерді жинап жатыр

 Дәурен Ерболат 29.08.2023 | 12:35
фото: 24.kz

Премьер-министрдің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Қарағанды облысында балалардың жаппай улануына қатысты тергеудің нәтижесі қашан жарияланатынын мәлімдеді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі. 

Қазір Денсаулық сақтау министрлігінің қатысуымен әкімдік құрған комиссияның жұмысы аяқталуға жақын. Биыл 5 қыркүйекте тергеу нәтижесі жарияланады, - деді министр Үкімет отырысынан соң.

Айта кетсек, биыл 30 шілдеде Қарағанды облысындағы балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында балалар жаппай уланған болатын. Салдарынан 2 бала көз жұмды. 

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, балалардың улануына тамақтың қатысы жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама