×

БҚО-да Ауғанстанның 10 азаматы ұсталды

Олар Еуроодақ елдеріне бағыт алған

 Динара Амантай 24.08.2023 | 17:15
Фото: видеодан скриншот

БҚО-да Ауғанстан Республикасының 10 азаматы ұсталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 24 тамызда «Учаске» жедел-профликалық іс-шарасын өткізу барысында Бөрлі аудандық полиция қызметкерлері ҰҚК шекара қызметінің өкілдерімен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасынан заңсыз өтпек болған Ауғанстанның 10 азаматын қолға түсірген.

Болжамды мәліметтерге сүйенсек, олар Еуроодақ елдеріне бағыт алған.

Ұсталған азаматтарға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 514-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Кейін жинақталған материалдар әрі қарай шешім шығару үшін Бөрлі аудандық сотына жолданатын болады, – делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама