«Досаевтың идеологиялық диверсиясы»: алматылық шерушілер Сталин мен Берияны ұлықтады

Халық үні

Шерушілердің бұл әрекеті қоғамның қызу талқысына түсті

коллаж: Halyq Uni

Бүгін Алматыда Жеңіс күніне орай «Батырларға тағзым» шеруі өтті, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі. 

Алаңға 10 мыңдай адам жиналды. Олар Ұлы Отан соғысына қатысқан ата-бабаларының портретін алып келді.

Алайда шерушілер арасында Иосиф Сталин мен Лаврентий Берияның суретін алып шыққандар да бар. Шерушілердің бұл әрекеті қоғамның қызу талқысына түсті.

Бұған қатысты қоғам қайраткері Мұрат Абенов Facebook-тегі парақшасында пікір білдірді.

«Досаевтың идеологиялық диверсиясы. Тоқаев мұндай әкімдермен «Жаңа Қазақстанды» қалай құрмақшы? Қасіретті қаңтарда Қазақстанның 220 азаматы қаза тапқан қалада қала басшылығы Сталин мен Берияның портреттерін алып шығуға рұқсат берген. Азаматтардың мұңын сезбеген әкім оларды басқаруға лайық емес», – деп жазды Мұрат Абенов.

Тоқаев жауынгерлердің рухтарына тағзым етті. «Боздақтарымызды мәңгі есте сақтау – қасиетті борышымыз» - Тоқаев. Президент соғыста ерлікпен қаза тапқан үш майдангерге «Халық қаһарманы» атағын берді.