×

Жыл сайын ұйымдарда жазатайым оқиғалардан 200-ден аса адам қаза табады

Былтыр республика кәсіпорындарында 1 мың 465 адам зардап шеккен

 Динара Амантай 21.08.2023 | 09:45
Фото: gov.kz

Жыл сайын ұйымдарда жазатайым оқиғалардан 200-ден аса адам қаза табады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Өндірістік жарақаттануды талдау нәтижесінде ұйымдарда жыл сайын 1 мыңнан астам жазатайым оқиғаға жол берілетінін, оның 200-ден астамының соңы өліммен аяқталатынын көрсетті.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, былтыр республика кәсіпорындарында 1 мың 465 адам зардап шегіп, оның 203-і қаза тапқан. Жыл сайын статистика органдары еңбек жағдайлары бойынша іріктеп, тексеру жүргізеді. Оның нәтижелері бойынша 2022 жылы зерттелген 1,6 млн жұмысшының 386 мыңы немесе зиянды факторлардың әсерінен әрбір төртіншісі (21,3%), соның ішінде шу мен діріл деңгейінің жоғарылауынан әрбір екінші адам (46,8%), жұмыс аймағының жоғары газдануы мен шаңдануының әсерінен әрбір үшінші (33,2%) және қолайсыз температуралық режимнің кесірінен әрбір алтыншы (16,7%), ауыр дене еңбегімен айналысқан 102,7 мың адам (6,1%) зардап шегіп, зиянды жұмыс жағдайларында еңбек еткен.

Еңбек жағдайлары мен зиянды жұмыс орындарының санын азайтуға жұмыс берушілер тарапынан қызығушылықтың аз болуына байланысты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік әріптестермен бірлесіп, ел кәсіпорындарында еңбекті қорғауды басқару жүйесін жетілдіру бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.

Еңбекті қорғаудың жаңа идеологиясы биылғы 19 маусымда премьер-министрдің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова бекіткен Қазақстанда қауіпсіз еңбек тұжырымдамасын әзірлеу жөніндегі Жол картасын іске асыру шеңберінде мұқият пысықталып, белсенді талқыланды.

Салалық еңбекті қорғау ҒЗИ базасында Жобалық офис құрылып, оның құрамына 150-ге жуық маман кірді. Жұмыс Тұжырымдама жобасында көзделген 6 негізгі бағыт бойынша жүзеге асырылады:

Кәсіптік тәуекел дәрежесі бойынша жұмыс орнын саралау 5 критерийді ескере отырып, кәсіптік тәуекелдерді интегралдық бағалаудың жаңа моделін енгізуді көздейді: еңбек жағдайларының зияндылығы, жарақат қауіптілігінің көрсеткіші, жабдықтардың қауіпсіздігі, жеке қорғану құралдарымен (бұдан әрі – ЖҚҚ) қамтамасыз етілуі және сырқаттанушылық деңгейі. Нәтижесінде еңбек жағдайлары кәсіпорындардың ғана емес, нақты жұмыс орындарының да кәсіби тәуекел дәрежесіне қарай жіктеледі. Жүргізіліп жатқан жұмыс Қазақстанда кәсіпорындардың цифрлық картасын және тәуекелдерді басқарудың жаңа жүйесі бойынша мемлекеттік бақылауды енгізу үшін негіз болады.

Белгілі бір жұмыс орнының кәсіби тәуекел дәрежесіне негізделген жеке қорғаныс құралдарын таңдау. ЖҚҚ беру және таңдау нормалары бойынша салалық тәсілдер мен реттеуші саясатты үйлестіру жүзеге асырылады.

Сақтандыру тарифін кәсіптік тәуекел дәрежесі бойынша саралау - ол кәсіпорындағы және нақты жұмыс орнындағы кәсіптік тәуекел дәрежесіне байланысты түзету коэффициентін ескере отырып, сақтандыру тарифін әзірлеу мен белгілеуді қамтиды. Қазақстанда сақтандырудың алдын алу бағдарламаларын енгізу және оңалту шараларын күшейту мәселелері талқылануда.

Зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін адамдарға әлеуметтік кепілдіктердің түрлері мен көлемдерін кәсіптік тәуекел дәрежесі бойынша саралау өндірістердің, жұмыстардың, кәсіптердің тізбесін өзектендіруді, әлеуметтік кепілдіктердің түрлері мен көлемін айқындаудың жаңа тетігін, сондай-ақ проактивті тағайындауды әзірлеуді көздейді.

Еңбекті қорғау саласындағы оқыту сапасын арттыру және кәсіби тәуекел дәрежесін ескере отырып, құзыреттерді дамыту моделін енгізу оқыту мен білімді тексеру рәсімдерін саралауды және білімді тексеру жөніндегі онлайн платформаны енгізуді (білімді тексеруден өткенін куәландыратын сертификаттарды орталықтандырылған беру, еңбекті қорғау мәселелері бойынша жауапты барлық адамдарды бірыңғай есепке алу) көздейді. Жаңа идеологияның маңызды айырмашылығы – оқу процесін белсенді цифрландыру. Сондықтан оқыту ұйымдарын және олардың материалдық-техникалық базасын онлайн-тіркеуді, тартылатын лекторларды аккредиттеуді енгізу ұсынылады.

Еңбекті қорғау саласында мемлекеттік бақылау мен статистикалық мониторингтің проактивті форматын енгізу тәуекелдерді басқару жүйесі мен Кәсіпорындардың цифрлық картасы (бұдан әрі – КЦК) негізінде жүзеге асырылатын болады. КЦК-дан рейтингтік тізім (рейтинг) немесе жеке не заңды тұлғалардың өтініштері мен шағымдары; кәсіпорындарды рейтингтік бағалаудың жаңа әдістемесі, тексеру объектілерін автоматтандырылған іріктеу критерийлері негізінде мемлекеттік бақылау шеңберінде тексеру үшін кәсіпорындарды таңдаудың жаңа алгоритмін әзірлеу көзделеді.

Тұжырымдама жобасының барлық новеллалары Қазақстанда жұмыскерлердің қауіпсіз еңбек жағдайларына құқықтарын іске асыруды және ел экономикасында жұмыс істейтін еңбек ресурстарын үнемдеуді қамтамасыз ететін, еңбекті қорғауды басқарудың тәуекелге бағдарланған ұлттық жүйесін дамытуға бағытталған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама