Halyq Uni логотип
×

Түркістан облысында жол апатынан 4 адам қаза тапты (ВИДЕО)

Кінәлі жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды

 Динара Амантай 19.08.2023 | 14:00
Түркістан облысында жол апатынан 4 адам қаза тапты (ВИДЕО)
Фото: видеодан скриншот

Түркістан облысында жол апатынан 4 адам қаза тапты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметккерлерінің мәліметінше, 18 тамызда сағат 23:30 шамасында Бәйдібек аудандық ПБ-нің «102» арнасына жол-көлік оқиғасы болғандығы туралы хабарлама келіп түскен. Облыстық маңызы бар Шаян – Екпінді тасжолы бойында Nissan көлігі қарама-қарсы жол бөлігіне шығып кетіп, өз жолымен келе жатқан Mercedes-Benz 200 автокөлігіне соқтығысқаны анықталды.

Салдарынан Mercedes өртеніп, ішінде болған үш жолаушы мен жүргізуші оқиға орнында қаза тапты. Алдын ала мәліметтер бойынша, Nissan автокөлігі қарсы бағытқа шығып кеткен, – делінген хабарламада.

ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігімен бойынша СДТБТ-ға тіркелді. Тиісті сот-сараптамалары тағайындалды. Кінәлі жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Еске сала кетсек, бұған дейін Балқашта жантұршігерлік жол апаты болып, салдарынан 9 адам қаза тапқанын хабарлаған болатынбыз.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама