×

Талдықорғанда жаңа оқу жылы жақындағанда 5 мектеп басшысыз қалды

Олардың кетуін мамандар білім саласындағы соңғы жаңалықтармен байланыстырады...

 Еркеғали Болатұлы 18.08.2023 | 15:31
фото: ашық дереккөз

Талдықорған қаласында бірнеше мектеп директорлары оқу жылы басталар алдында өз еркімен жұмыстан кетті.

Жалпы, жаз басынан бері Талдықорғандағы 9 білім ошағы директорсыз қалған. Оқу жылының басталуына екі апта ғана қалса да облыс орталығындағы 5 мектептен кеткен директорлардың орнына әлі адам табылған жоқ.

Қазір біз облыстық білім басқармасына осы мектептерге конкурс өткізу туралы өтініш жібердік. Олардың арнайы тағайындалу тәртібі бар, тестілеуден өтеді. Мектептің қамқоршылық кеңесі келісіп, әңгімелесу жүргізеді. Бұған дейін 4 мектеп директорын тағайындадық, - деді Zakon.kz тілшісіне қалалық білім бөлімінің басшысы Жасұлан Қанағатов.

Талдықорғандағы директорлардың ауысуын мамандар білім саласындағы соңғы жаңалықтармен байланыстырады. Айта кетсек, биыл сәуірде Талдықорған қалалық білім бөлімінің бас есепшісі мен басшысы 2 миллиард теңгеден астам қаржы жымқырды деген күдікпен ұсталған болатын. Сондай-ақ облыс орталығындағы мектептердің 6 есепшісі бірден қамауға алынған-ды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама