Қарағанды облысындағы төтенше жағдай: шахтада қалған 5 кенші әлі табылған жоқ

Халық үні

222 кенші жер бетіне шығарылды

фото: el.kz

17 тамыз сағат 10:00-де «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ға қарасты «Қазақстан» шахтасында конвейер таспасы өртеніп, апат болды.

Шахтадан 222 адам шығарылды, алты адам ауруханаға жатқызылды. Оларлың төртеуі көміртегі тотығымен уланған: екеуінің жағдайы ауыр. Олар Қарағанды ауруханасына жеткізілді. Ал екеуі жеңіл түрде уланған, қазір Шахтинск ауруханасында ем алып жатыр.

Сағат 16:40-тағы жағдай бойынша, шахтада қалған 5 жұмысшыны іздеу жалғасып жатыр. Өрт шыққан шахтадағы қатты түтін іздеу жұмыстарын қиындатып отыр.

Кеншілерді іздеуге 5 бөлімше қызметкері жұмылдырылды, - деп хабарлады «АрселорМиттал Теміртау» өкілі Сергей Огай.

Өрт шыққан 170 метр тереңдіктегі шахтада 227 адам болған. Ресми хабарламаға сенсек, 222 кенші жер бетіне шығарылды, қалған бес кенші әлі іздестіріліп жатыр.