Ол лауазымдық өкілетін теріс пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылды
Орал қалалық соты Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Ержан Балтаевқа айыппұл салды, деп хабарлайды Halyq Uni.
2023 жылдың 16 тамызында сот Ержан Балтаевқа қатысты үкім шығарды.
Ол қылмыстық кодекстің 361-бабының 3-бөлігінде («лауазымдық өкілетін теріс пайдалану») көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды және 2 500 АЕК (8 625 000 теңге) мөлшерінде айыппұл салу жазасы тағайындалды.
Балтаев мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде және оның ведомстволарында, Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органда, мемлекеттік ұйымдарда және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымды атқару құқығынан өмір бойына айырылды.
Ержан Балтаев үкім заңды күшіне енгеннен кейін айыппұлды бір ай ішінде өтеуге тиіс.
Балтаевқа қатысты бұған дейін бекітілген «кетпеу және тиіс мінез-құлық көрсету» бұлтартпау шарасы үкім заңды күшіне енгенше сақталады.
Бұған дейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары қатысты тергеуді аяқталғанын хабарлады.
Ол «Аqjaiyq» ӘКК» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасарына оның сенім білдірілген адамдарымен жұмысты нақты орындамай-ақ өтеулі қызметтер көрсетудің жалған шарттарын жасасу туралы заңсыз нұсқау беру арқылы лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланды деп күдіктенеді, - делінген ведомство хабарламасында.
Заңсыз әрекеттердің салдарынан мемлекетке айтарлықтай зиян келген.
Ержан Балтаев 2023 жылдың 20 қаңтарында Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары болды.