Тоқаев әскери қызметкерлерге алғыс айтты
Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Отан қорғаушы күнімен құттықтады
Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, бұл – батыр бабалардың даңқты жолы мен бүгінгі буынның туған елге қызмет ету дәстүрін тоғыстыратын мереке.
«Отан қорғау – қасиетті парыз әрі мәртебелі міндет. Халқымыз антына адал, сертіне берік перзенттерін ерекше қадірлейді. Биыл Қазақстан Қарулы күштерінің құрылғанына 30 жыл толып отыр. Осы кезеңде айбынды армиямыз қастерлі тәуелсіздігіміздің және мемлекеттілігіміздің мызғымас қорғанына айналды», – дейді президент.
Оның сөзінше, қорғаныс әлеуетімізді арттыру, сарбаздардың дайындығын күшейтіп, оларға жан-жақты қолдау көрсету – мемлекеттің басты міндеттерінің бірі.
Бейбіт өміріміз бен тыныштығымызды, жеріміздің тұтастығын сақтау үшін қызмет етіп жүрген сардарлар әрі сарбаздарға ризашылығымды білдіремін. Ержүрек жауынгерлеріміз ел сенімін ақтайды деп сенемін! Баршаңызға бақ-береке және толағай табыс тілеймін!, – деді Тоқаев.
Қазақстандықтар мамырда қанша күн демалады. Биыл елімізде әскери парад өтпейді. Қорғаныс министрлігі әскери парадтың неліктен өтпейтінін айтты. Аманатқа адал болып, еліміздің тыныштығын сақтау үшін бәрін жасаймыз - президент. Соғыс жүргізуге қабілетті арнайы жасақтар құрылды - мемлекет басшысы.