×

Қорғаныс министрлігі әскери парадтың неліктен өтпейтінін айтты

Биыл елімізде Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күнінде парад өтпейтіні белгілі

 Қымбат Елтайқызы 15.04.2022 | 15:30
фото: ашық дереккөзден

Қорғаныс министрлігі әскери парадтың өтпеуіне қатысты мәлімдеме жасады.

«2022 жылы Қазақстанда әскери парадты өткізу бюджет қаражатын үнемдеу есебінен, сондай-ақ басқа да міндеттерді шешу қажеттілігіне қарай жоспарланбайды. Атап айтқанда, еліміздің Қарулы күштері бөлімшелерінің жауынгерлік әзірлігі әрі ұтқырлығының қажетті деңгейін қолдау, мемлекеттік және әскери нысандарды күзету мен қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларды орындау басым бағыт саналады», – деді ведомство.

Бұған дейін биыл Қазақстанда Отан қорғаушылар күні және Жеңіс күнінде парад өтпейтіні белгілі болды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама