Halyq Uni логотип
×

Өзбек азаматын «азаптаған» алматылық полицейге қатысты іс қозғалды

Өзбекстан азаматы Тимур Исаков Алматы полициясын «азаптады» деп айыптап, Тоқаевтан көмек сұраған еді

 Айнұр Шошаева 06.05.2022 | 15:30
Өзбек азаматын «азаптаған» алматылық полицейге қатысты іс қозғалды
скриншот: видео

Алматы қаласы полиция департаменті Өзбекстан азаматы Исаковты «азаптаған» ішкі істер органдары қызметкерлерінің үстінен қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Полиция департаментінің мәліметінше, ПД өзіндік қауіпсіздік басқармасы Т.Г.Исаков есімді Өзбекстан азаматының арызы бойынша ҚК-нің 362-бабы 4-бөлігі 1-тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілеріне сәйкес, қылмыстық істі сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркеді. 08.10.2021 жылы қылмыстық іс бойынша қылмыс құрамы ҚК-нің 146-бабы 1-бөлігіне қайта квалификацияланды. Сондай-ақ департамент аталған қылмыстық істі тергеу бойынша ақпараттың Алматы қаласы прокуратурасына жолданғанын атап өтті. 

Бұған дейін Өзбекстан азаматы Тимур Исаков Алматы полициясын өзін «азаптағаны» үшін айыптап, Қасым-Жомарт Тоқаевтан көмек сұраған болатын. Бұл туралы ол Адам құқығы мен заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық бюросы өткізген баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама