Halyq Uni логотип
×

Қырғызстаннан 2 вагон темекіні заңсыз тасымалдауға қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр

Бірқатар жедел-іздестіру шаралары, тиiстi сараптамалар жүргiзiліп жатыр

 Динара Амантай 10.08.2023 | 09:58
Қырғызстаннан 2 вагон темекіні заңсыз тасымалдауға қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр
Фото: Halyq Uni

Қырғыз Республикасынан құны 1,3 млрд теңгеден асатын екі вагон темекі өнімдерін жөнелтпе құжатсыз және ЕБМ-сіз әкелуге әрекеттену фактісі бойынша қылмыстық істі ҚМА Жамбыл облысы бойынша департаменті тергеп жатыр, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

ҚМА мәліметіне сәйкес, мемлекеттік кірістер органдарының есептеулері бойынша акциздің бюджетке төленуге тиіс сомасы – 585 млн теңге. Қазір қылмыстық іс аясында бірқатар жедел-іздестіру шаралары, тиiстi сараптамалар жүргiзiліп жатыр. Оның нәтижелерi бойынша қылмыстық iс бойынша процестік шешiм қабылданады.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, өзге мәліметтер жария етілуге жатпайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама