Қазақстанның параволейбол федерациясы халықаралық ұйымның ресми қатысушысы атанды

Халық үні

Федерация басшылығы өздерін қолдаған қайырымдылық қорларына алғыс айтты

фото: ашық дереккөзден

Еліміздің параволейбол федерациясы Халықаралық параволейбол ұйымының ресми қатысушысы атанды. Бұл туралы Қазақстанның параволейбол федерациясы мәлімдеді.

«Біз еліміздің ұлттық паралимпиада комитетіне олардың Халықаралық параволейбол ұйымы мүшелігіндегі кезінде атқарған үлкен жұмысы мен олардың Қазақстанда параволейболды дамытуға қосып жатқан үлесі үшін алғыс айтқымыз келеді», – деп жазды федерация өкілдері әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Бұған қоса олар Sport Qory туризм және спорт индустриясын қолдау қорына, Altyn Qyran Foundation-ге, Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығына елімізде волейбол әрі жағажай параволейболын дамытуды қолдағаны үшін ризашылығын білдірді.