Үш азаматтық алған әйел Қазақстаннан депортацияланды
Ол Ресей, Канада мен Қазақстан азаматтығын қатар алған
Қазақстандық әйел Ресей және Канада азаматтығын алу фактісін хабарламағаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды.
Железин аудандық соты Қазақстанның азаматтық туралы заңнамасын бұзған Ресей әрі Канада азаматшасы М-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады. «Қазақстан азаматтығы туралы» заңның 21-бабына сәйкес, егер адам басқа мемлекеттің азаматтығын алса, ҚР азаматтығын жоғалтады. Қазақстан азаматы саналатын және шет мемлекет азаматтығын қабылдаған адам өзге азаматтықты алған күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде шетел азаматтығын алу фактісі туралы ҚР-ның ішкі істер органдарына немесе Қазақстанның шет елдердегі мекемелеріне хабарлауға әрі ҚР азаматының паспорты мен (немесе) жеке куәлігін тапсыруға міндетті, – дейді Павлодар облыстық соты.
Дегенмен 2022 жылғы 23 сәуірде «Үрлітөбе» автошекаралық бақылау бөлімінің өткізу пунктінде тексеру барысында мемлекеттік шекарадан өту кезінде заңмен белгіленген мерзімде шетел азаматтығын алу фактісі хабарламаған М есімді Қазақстан, Ресей және Канада азаматшысы анықталды. Сот отырысында жауапқа тартылатын тұлға кінәсін толық мойындап, 2017 жылғы қарашада Канада азаматтығын, ал биылғы наурызда Ресей азаматтығын алғанын, бірақ заңды білмегеніне байланысты Қазақстан паспортын тапсырмағанын түсіндірді. Ол Қазақстанда туыстарының болмауына байланысты ҚР шегiнен шығаруды сұрады. Сот қаулысымен М есімді азаматша ӘҚБтК 496-б. 2-б. көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған қатысты Қазақстан шегiнен әкімшілік жолмен шығарып жiберу жазасы тағайындалды. Қаулы заңды күшіне енді.
Қазақстанда уақытша тұруға өтініш берген ресейліктер 2,5 есе көбейген – ІІМ.