×

«Ақкенттегі» өрт: Алматы әкімдігі құрылыс компаниясымен қандай келісімге келді

Өрт кезінде қаза тапқан тұрғынның отбасына екі бөлмелі пәтер беріледі

 Халық үні 03.08.2023 | 15:35
фото: almaty.tv

Алматыда 1 тамызда өрт кезінде зардап шеккен «Ақкент» тұрғын үй кешені тұрғындары өрттің салдарын жою үшін қажетті көмек алады. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қала басшылығы «Ayt housing Complex» ЖШС-мен келіссөз жүргізді, қорытындысы бойынша бірнеше шешім қабылданды:

  • 2 қыркүйекке дейін «Ақкент» тұрғын үй кешені пәтерлерінде электрмен жабдықтауды қалпына келтіру;
  • компания қаржысы есебінен кіреберіс алаңдарына жөндеу жүргізу;
  • компания қаржысы есебінен есіктер мен терезелерді ауыстыруға, құтқару операциясы барысында тартылған балкондарды жөндеуге жұмсалатын шығындарды өтеу;
  • пәтерлерде әрлеу жұмыстарын жүргізу;
  • барлық жұмысты аяқтап, тұрғындарға пәтерлерге 20 қыркүйектен кешіктірмей кіруге рұқсат беру;
  • пәтерлерді қалпына келтіру жұмыстары кезеңінде тұрғындарға уақытша тұру бойынша шығындарды өтеуге немесе төтенше жағдай желісі бойынша шаралар аясында тұрғын үй беру.

Қаланың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккендерге міндетті медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде медициналық көмек көрсетеді.

Сондай-ақ тұрғын үй кешенін салған «Ayt housing Complex» ЖШС өрт кезінде қаза тапқан тұрғынның отбасына екі бөлмелі пәтер беретін болды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама