×

Қазақстанда жыл басынан бері 40 бала суға кетті

Кәмелет жасына толмаған 57 бала құтқарылған

 Айнұр Шошаева 31.07.2023 | 16:53
көрнекі фото: egemen.kz

Қазақстанда соңғы екі айда 117 адам суға кеткен. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің төрағасының орынбасары Ұларбек Абыкеев айтты, деп хабарлайды Halyq Uni.

Ведомство өкілінің мәліметінше, бүгінде елімізде суға шомылуға арналған 612 жер белгіленген.

Атқарылып жатқан жұмыстарға қарамастан, биыл жыл басынан бері еліміздің су айдындарында 144 адам суға кетті. Оның ішінде кәмелетке толмаған 40 бала бар, - деді ол ОКҚ өткен брифингте.

Сондай-ақ қайғылы жағдайдың басым бөлігі тыйым салынған жерде шомылу салдарынан болғанын атап өтті.

«Суға шомылу маусымы басталғалы – 1 маусымнан бастап елімізде 117 адам суға кетті. Сонымен қатар жыл басынан бері 161 адам құтқарылды, оның 56-сы бала. Суға кетудің негізгі себебі адамдардың, оның ішінде кәмелетке толмаған балалардың қауіпті сезінбеуінен. Суға кетудің 97 пайызы рұқсат етілмеген жерде болған», - деп қосты Ұларбек Абыкеев.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама