×

Балаларымен кіреберісте ұйықтаған әйел ішуін әлі қоймаған

Қазір 2 және 3 жасар ұл мен қыз балалар үйінде

 Еркеғали Болатұлы 28.07.2023 | 09:57
фото: видеодан скриншот

Ақтауда балаларымен бірге кіреберісте ұйықтаған әйелдің ата-аналық құқығы шектелуі мүмкін. Өйткені қалалық білім басқармасы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі сотқа шағым түсірді.

Қазір 2 және 3 жасар ұл мен қыз балалар үйінде. Мамандардың айтуынша, анасы оларға бір аптада бір-ақ рет барған.

Анаға қатысты Маңғыстау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына ата-ана болу құқығын шектеу туралы талап арыз берілді. Сондай-ақ бұл мәселе Ақтау қаласы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияда қаралатын болады. Ол мас болғандықтан, өзінің жағдайын түсіндіре алмады, - деді Ақтау қалалық білім бөлімі балалар құқығын қорғау секторының меңгерушісі Жұлдыз Ағманова.

Еске сала кетсек, 17 шілдеге қараған түні 38 жастағы мас әйел кіреберістің жанындағы бетон жерде ұйықтап қалған, ал жанында екі баласы жатқан. Оқиғадан кейін білім бөлімінің мамандары әйелді сөйлесуге шақырған. Бірақ ол түсіндірме әңгімеге де мас болып барған.

Мамандардың айтуынша, маскүнем әйел Жамбыл облысынан келіп, Ақтауда пәтер жалдап тұрған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама